Біржан сал ауданы мәслихатының 2021 жылғы 2 ақпандағы № С-2/2 «Біржан сал ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 2022 жылғы 30 қарашадағы № С-23/17 шешімі
Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № С-8/5 шешімімен күші жойылды
Біржан сал ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Біржан сал ауданы мәслихатының «Біржан сал ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 2 ақпандағы № С-2/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8352 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Біржан сал ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. «Қазақстан Республикасында мүгедектiгі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте көрсетіледі.»;
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«8. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндердің және мерекелік күндердің тізбесі:
1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;
2) 9 мамыр - Жеңіс күні;
3) 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;
4) 29 тамыз - Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні;
5) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күні.»;
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: